Өзбекстанда Қазақстан мен Ресейге қатынайтын автобус бағыты қалпына келді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан 19 қаңтардан бастап халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан көлік министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
«Ауа райы мен көлік қозғалысы бағыты бойынша магистральдардағы жағдайды ескере отырып, осы жылдың 19 қаңтарынан бастап Өзбекстан Республикасынан халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы қалпына келтіріледі», - делінген хабарламада.
19 қаңтардағы «Ташкент» автовокзалынан халықаралық бағыттағы автобустардың тізімі:
12:00 | Ташкент – Мәскеу билетінің бағасы – 1 011 000 сум
16:00 | Ташкент – Алматы билетінің бағасы – 200 000 сум
16:00 | Ташкент – Астана билетінің бағасы – 361 000 сум
17:00 | Ташкент-Түркістан билетінің бағасы 111 000 сум
18:00 | Ташкент-Қызылора билетінің бағасы 161 000 сум
18:00 | Ташкент – Алматы билетінің бағасы – 200 000 сум
18:00 | Ташкент – Бішкек билетінің бағасы – 261 000 сум
Еске салсақ, 13 қаңтарда ауа райына байланысты Өзбекстанда халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы уақытша тоқтатылған еді.