Өзбекстанда карантин 1 маусымға дейін ұзартылды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда карантин 1 маусымға дейін ұзартылды. Бірақ бірқатар шектеу шаралары алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Карантинді ұзарту туралы шешімді арнайы республикалық комиссия елдегі науқастар санының өсу қаупін ескере отырып қабылдады.

Сондай-ақ, Өзбекстан 18 мамырдан бастап ел ішінде әуе және темір жол қатынастарының ішінара жандануына рұқсат берді.

Атап айтқанда Ташкенттен Нүкіске, Үргенішке, Термезге және кері бағытқа ұшатын әуе рейстері қайта жанданбақ. Сонымен қатар, Afrosiyob пойыздары Ташкенттен Навоиға, Бұхараға және Қаршиға, ал жүрдек пойыздар Ферғана алқабына (Ферғана, Андижан және Наманған облыстары) және кері бағытқа қатынай бастайды.

Сондай-ақ, республика өңірлерінің қызыл, сары және жасыл деңгейлерге бөлінуіне байланысты халыққа қызмет көрсететін шағын және орта бизнестің кейбір түрлері, саябақтар, спорт стадиондары мен мұражайлар ашылады.


Соңғы жаңалықтар