Өзбекстанда қалада тұратын халық саны өсуде

None
ТАШКЕНТ. ӨзА -ҚазАқпарат - 1991 жылдың басында Өзбекстан Республикасының тұрақты тұрғындарының қатарында қалада тұратын халықтың үлесі 40,3 пайызды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың басына қарай бұл көрсеткіш 50,9 пайызды құрап, 1991 жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға өскен.

Жылдар бойынша қалалық жерлерде тұратын тұрақты тұрғындардың пайызы:

— 1991 ж. – 40,3 пайыз

— 2000 ж. – 37,4

— 2010 ж. – 51,5

— 2020 ж. – 50,6

— 2022 ж. – 50,9


Соңғы жаңалықтар