Өзбекстанда қала тұрғындарының саны ауыл халқынан асып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда ауыл халқынан қала халқының саны көп, деп хабарлады елдің Мемлекеттік статистика қызметі.

Бастапқы есеп бойынша, 2017 жылдың 1 қаңтарында Өзбекстандағы тұрақты халық саны 32,1 миллион адамнан сәл асты және өткен жылмен салыстырғанда 545,8 мың адамға немесе 1,7 пайызға көбейген, деп хабарлайды podrobno.uz .

Сонымен бірге, қала халқының саны 16,2 млн адамнан асса (жалпы халық санының 50,6 пайызы), ауыл халқы 15,9 млн адамды (49,4 пайыз) құрады.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Өзбекстанда 726,8 мың сәби дүниеге келген. 

Соңғы жаңалықтар