Өзбекстанда халықтың 86,5 пайызы корнавирусқа қарсы вакцина алды

None
ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - Өзбекстанда вакцина қабылдауға қабілетті халықтың 86,5 пайызына алғашқы доза егілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтемеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 20 желтоқсан күні аталған елде 199 032 доза вакцина қолданылған. Ондағы 36 972 адам бірінші доза, 110 739 азамат екінші дозада, 51 321 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Дәл қазіргі сәтте елдегі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 37 546 496 дозасы егілді.

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 18 556 048, ІІ компонентін 12 606 995, ІІІ компонентін алғандар 6 383 453 жеткені айтылады министрлік хабарында.


Соңғы жаңалықтар