Өзбекстанда халық саны бір жылдың ішінде жарты миллионға көбейген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Өзбекстанның халық саны жарты миллион адамға өсіп, 2018 жылдың басында 32 млн 653 мың адамға жеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ӨР Мемлекеттік статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты халық саны 32 млн 653,9 мың адамды құраған және 2017 жылы 533,4 мың адамға (1,7%) көбейген.

Қаладағы халық саны 16 млн 533,9 мың адам (немесе 50,6%), ауыл халқының саны 16 млн 120 мың адам (49,4%) болған.

Өзбекстандағы халық саны көп шоғырланған өңірі Самарқанд облысы (3719,6 мың адам) болып танылды. Одан кейін Ферғана - 3620,1 мың, Қашқадария - 3148,1 мың және Әндіжан - 3011,6 мың адам. 

Соңғы жаңалықтар