Өзбекстанда электромобильдерге арнайы нөмірлер берілмек

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - 2021 жыл 1 қазан айынан бастап Өзбекстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмірлер беріледі. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

«Өзбекстан Республикасында электр қуатымен жүретін автокөлік құралдарын пайдалануды дамытуға және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы процедураларды жеңілдету шаралары туралы» қаулы қабылданды.

Қаулыға сай, электр қозғалтқышының қуаты 4 киловатт болатын сағатына 40 шақырым және одан да жылдам жүретін көлік құралдарына арнайы мемлекеттік нөмірлер беріледі.

Электр қуатымен жүретін автокөліктерге берілетін нөмірдің басты айырмашылығы - аймақ коды жасыл фонда көрсетіледі. Осы сынды нөмірлерді алу 1 қарашаға дейін тегін қол жетімді.


Соңғы жаңалықтар