Өзбекстанда екпе салу науқаны басталғалы вакцинаның 2,5 млн астам дозасы қолданылды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда екпе салу науқаны басталғалы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 2,5 млн астам дозасы қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде елде вакцинаның 2 529 608 дозасы қолданылған. Бұл ретте алғашқы дозаны 1 551 822 алса, екінші және үшінші дозанын (қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үш дозамен енгізіледі) тиісінше 945 654 және 32 132 өзбекстандық қабылдаған.

Ел аймақтары арасында вакциналау жағынан бұрынғыдай Ферғана облысы көш бастап тұр, онда 303 344 адамға екпе жасалды. Одан кейін рейтингте Наманған облысы (296 296 адам), Әндижан облысы

(295 752) және Самарқан облысы (1234 985 адам) тұр. Үздіктер «бестігін» республика астанасы жауып отыр, мұнда 205 885 адам вакцина салдыртты.


Соңғы жаңалықтар