+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы вакцинаның 18 млн дозасы салынды

2021 жылғы 18 қыркүйек 13:21
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы вакцинаның 18 млн дозасы салынды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 18 миллионнан астам дозасы қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да 235 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алды Алматыда бір күнде 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды Әзербайжанда жалған вакцинация паспортын жасатқандар 5 жылға дейін түрмеге қамалады

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елде вакцинаның 18 082 373 дозасы қолданылған.

Бұл ретте бірінші дозаны 10 334 108 адам алса, вакцинаның екінші және үшінші компоненті (қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үш дозамен салынады) тиісінше 5 745 222 және 2 003 043 өзбекстандық азаматқа егілді.

Елде вакциналаудың толық курсынан 3 596 143 адам өткен.

Аймақтар арасында Ферғана және Наманған облыстары көш бастап тұр. Онда екпе салдырғандар саны 2 миллион адамнан асты.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда екпе науқаны 1 сәуірде басталды.

Вакцинацияға төрт препарат пайдаланылып отыр: еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001, ресейлік «Спутник-V» және американдық Moderna.

3 тамызда республикада жұмыс істеуші тұрғындардың міндетті вакциналануы туралы заң қабылданған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT