Өзбекстанда «Док-1 Maкс» шәрбатынан қайтыс болған балалардың отбасыларына өтемақы төленуі мүмкін

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Халықаралық баспасөз клубының кезекті отырысында Өзбекстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эльмира Боситхонова қазір «Док-1 Макс» шәрбатын ішіп қайтыс болған балалардың өлімінің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің орынбасарының айтуынша, Үндістанның «Marion Biotech» компаниясы шығарған «Док-1 Maкс» шәрбатын ішкен балалардың өлімінің себебі расталса, олардың отбасыларына өтемақы төленуі мүмкін.

Егер өтемақының толық көлемі белгіленсе, қаржы дереу төленеді.

Ақпарат үшін айта кетейік, «Marion Biotech» компаниясының Өзбекстандағы дистрибьюторы «Kuramax Medical LLC» 2006 жылы тіркелген. Сингх Рагвендра Пратар, фирма басшысы. «Док-1 Макс» шәрбаты 2012 жылы мемлекетте тіркеліп, сатылымға шығарылған.

Өзбекстанда 2022 жылға дейінгі «Док-1 Maкс» сертификаты 2018 жылы берілген. Ресми реестрге сәйкес, соңғы 4 жылда бұл препараттың жаңа сериясы әкелінбеген.

2022 жылы 5 қыркүйек пен 13 желтоқсан аралығында препараттың 11 сериясы сертификатталғаны белгілі болды. Самарқанд облысы балалар көпсалалы медициналық орталығының 15 желтоқсандағы хатына сәйкес, соңғы 2 айда «Док-1 Максқа» қатысты қайғылы жағдайлар орын алған.

Осыған дейін Өзбекстанда «Док-1 Макс» препаратына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Өзбекстан президенті Фармацевтика агенттігінің басшысын жұмысынан босатты.

Өзбекстан 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін дәріні сатылымнан алып тастады.

Автор Бегабат Ұзақов


Соңғы жаңалықтар