Өзбекстанда бюджеті 20 млн долларлық тарихи сериал түсіріледі

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат –Халықаралық дәрежедегі фильмдер продюсері, «Star Media» кинокомпаниясының басшысы Владислав Ряшин мен француздық кинопродюсер Жан Чарльз Леви алдағы жылдан бастап Өзбекстанда «Султана» атты тарихи телехикаяны түсіруді бастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Киноны елдің Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларында түсіру жоспарланған.

«Өзбекфильм» және Туризмді дамыту орталығының хабарлануынша «Султана» фильмнің бірінші маусымын түсіру үшін 20 миллион доллар бөлінеді. Ал, тарихи драмалық сериалдың басты қаһармандарын сомдайтын Голливуд жұлдыздарының кім екендігі жайындағы мәлімет ашып айтылмай отыр.
Соңғы жаңалықтар