Өзбекстанда болған жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданында естілді

None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат- Өзбекстанда болған жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданында естілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданда құрылған төтенше жағдайлар комиссиясы шұғыл түрде Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Атакент кенті бойынша зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бар-жоғын анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде.

«Бүгін, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында жедел штаб отырысы өтті. Өзбекстан Республикасы тарапынан беріліп жатқан ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Мақтаарал ауданының тұрғындарына қауіп жоқ»-делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін хабарланғандай, түнде Өзбекстанның Сырдариядағы әскери қоймасында жарылыс болды. Желілерде тараған видеолар мен фотосуреттерден жарылыс толқыны ғимараттардың терезелері мен құрылыстарын зақымдағанын байқауға болады.


Фото: gazeta.uz



Соңғы жаңалықтар