+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Өзбекстанда барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды

2021 жылғы 6 шілде 15:15
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты барлық бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тиісті шешім жақында коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссияда қабылданды.

«Мұнда барлық мерекелік бұқаралық іс-шаралар, спорттық шаралар сондай-ақ концерттер, фестивальдер, театр және кинокөрсетілімдер туралы айтылып отыр. Шараның қай жерде өтетіні – ашық алаңда немесе жабық ғимаратта ұйымдастырылуы маңызды емес, бәріне шектеу қойылады. Ал спорттық жарыстарды жанкүйерлерсіз өткізуге болады», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, 1 тамыздан бастап Өзбекстан аумағында той, жерлеу және басқа да отбасылық шаралар өткізудегі санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын бақылау күшейтіледі және оған қатысушылар саны 50 адамға дейін шектеледі.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл тыйымдар коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша күшінде болады.

Еске сала кетейік, 28 маусымнан бастап Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты карантиндік талаптар күшейтілді.

Өзбекстан астанасы екі апталық карантинге жабылды.

Ташкенттегі төсек қорын кеңейту үшін 2 мың орындық резерві бар ковидтік орталықтар ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT