Өзбекстанда балалар арасында КВИ жұқтыру оқиғасы көбеюде

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда балалар арасында КВИ жұқтыру оқиғасы көбеюде. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасына берген комментарийінде Ташкент облысының Бірінші Зеңгіата мамандандырылған көпбейінді ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Петр Комиренко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде 160 орындық екі балалар бөлімі ашылған. Қазір бізде 125 бала ем алуда. Пневмониямен ауырып жатқандар да, жағдайы нашар балалар да бар. Егер жұқтыру қарқыны алдыңғы жылдағыдай болса, ауруханада тағы мың орын дайындалған, бұл – бөлек екі блок. Олар аппаратурадан бастап керек медициналық қызметкерлерге дейін толық жасақталған», - деді маман.

Комиренконың айтуынша, вирустың жас адамдарға да жұғуы артып келеді.

Еске сала кетейік, өзбек дәрігерлерінің хабарлауынша, республикада 20-45 жас аралығындағы науқастар саны екі есе артқан. Бұдан бөлек, Ташкентте студенттер, мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілерінің арасында жұқтыру оқиғаларының көбеюіне байланысты мамыр айының басында 200 оқу орны карантинге жабылған.


Соңғы жаңалықтар