Өзбекстанда бала туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда жыл басынан бері бала туу көрсеткішінің рекордтық өсімі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша республикамызда 203,7 мың бала дүниеге келді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 13,4% құрады», - деп хабарлайды Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитеті.

Ведомствоның мәліметінше, өз кезегінде 905 211 сәби дүниеге келген 2021 жыл ел тарихындағы рекордтық жыл болды. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Өзбекстанда бала туу көрсеткіші төрттен бір есеге өсті.

«Өзбекстанда 2021 жылы туғандар саны 1991 жылмен салыстырғанда 25,1%-ға өсті», - деп атап өтті Мемлекеттік статистика комитетінен.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстан тұрғындарының саны 35,4 миллион адамға жеткен. Жыл басынан бері халық санының өсу қарқыны 0,5 пайызға артты. Сонымен қатар, халық саны күн сайын орта есеппен 1,8 мың адамға артып келеді.


Соңғы жаңалықтар