Өзбекстанда әлеуметтік желілерге салынған тыйым алынып тасталды

Фото: None
ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - Өзбекстанда Twitter, WeChat және Vkontakte әлеуметтік желілеріне салынған тыйым алынып тасталды. Бұл туралды ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің хабарлауынша, 1 тамыздан бастап елдегі Twitter, WeChat және Vkontakte әлеуметтік желілеріне салынған тыйым алынып тасталып, әлеуметтік желілерді кедергісіз пайдалану мүмкіндігі толығымен қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта TikTok платформасымен келіссөздер жалғасуда. Қысқа бейне таспаларға негізделген көңілашар әлеуметтік желіге қатысты келіссөз бойынша нәтиже қосымша хабарланатыны айтылған.

Өзбекстан агенттігінің мәлімдемесінде «Блоктау тек дамуға зиян келтіреді», делінген.


Фото: uza.uz



Соңғы жаңалықтар