USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Өзбекстанда Александр Македонский салдырған бекіністер табылды

2020 жылғы 20 қазан 13:32
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда Александр Македонский салдырған бекіністер табылды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Қашқадария облысы аумағындағы «Окработ» махаллясында (шағынаудан) Александр Македонский салдырған ежелгі бекіністер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Xalq so'zi» газетінің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
280 келі балық қырылған: Министрлік Желқуар өзеніндегі жағдайға түсінік берді Ақтөбеде тағы екі ауылдан мал ауруы анықталды Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік көлік апатынан бір адам мерт болды

Өз дәуірінде Орта Азияны жаулаған әйгілі қолбасшы Александр Македонский Өзбекстанның қазіргі Дехканабад ауданы аумағында қыстап, өзіне және сарбаздарына арнап грек стилінде бекініс тұрғызған.

«Бұл бекініс ғасырлар бойы мүжіліп, қазір оның тек кейбір бөліктері сақталған. Оның қираған, сынған жерлеріне кезінде Ресей императоры Николай II жөндеу жұмыстарын жүргізген», - дейді Республикалық руханият және ағарту орталығы Дехканабад аудандық филиалының жетекшісі Ренат Кузибоев.

Бекініс ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында салынған және сол кезеңдегі стратегиялық маңызға ие мекен болған. Жергілікті тарихшылардың айтуынша, ерекше стильде тұрғызылған сәулет өнері толық зерттеуді қажет етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT