Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің мәліметінше вакцинацияның бірінші кезеңінде елдің 4 миллионнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Вакцинацияның бірінші кезеңінде 4 112 668 адамды тегін егу жоспарланып отыр.

Оның арасында:

1. Егде жастағы адамдар: - 65-тен 74-жасқа дейінгі – 1 085 797 адам; - 75-тен 84-жасқа дейінгі – 388 686 адам; - 85 жастан және одан жоғары– 139 280 адам;

2. Медицина қызметкерлері – 447 976 адам;

3. Созылмалы аурулары бар адамдар – 888 190 адам;

4. Мектеп мұғалімдері – 689 383 адам;

5. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері – 223 426 адам;

6. Құқық қорғау органдары мен қарулы күштердің өкілдері – 180 000 адам.

Өзбекстанда вакцинацияның басталуы наурыздың бірінші жартысына жоспарланған.

Оны өткізу үшін Ташкенттегі және елдің барлық аймағындағы емдеу-профилактикалық мекемелерінен 3138 кабинет бөлінген.

Сонымен қатар халықты коронавирусқа қарсы вакцинацияға 820 мобильді бригада тартылады.

Соңғы жаңалықтар