Өзбекстанда 18 жастан асқандардың 80% жуығы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚвзАқпарат – Өзбекстанда 18 жастан асқан халықтың 80 пайызға коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншкті тілшісі.

ӨР Денсаулық сақтау министрлігнің мәліметі бойынша бүгінгі таңда елде вакцинаның 32 803 308 дозасы пайдаланылды, соның ішінде 17 098 127 адам бірінші доза алса, екінші және үшінші (Қытай мен Өзбекстан бірлесіп шығарған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының үш дозасы салынады) компонентімен тиісінше 10 360 453 және 5 344 728 өзбекстандық егілген.

«Бірінші доза алғандар көрсеткіші елдің екпе салдыратын ересек халқының 79,7 процентін құрайды», - деп хабарлады ӨР Денсаулық сақтау министрлігінен.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда екпе салдыру науқаны 1 сәуірде басталды. Вакцинация барысында алты препарат қолданылуда: AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna, Pfizer және Sinovac. Республикада 3 тамызда жұмыс істейтін халықты мндетті вакциналау туралы заң қабылданды.


Соңғы жаңалықтар