Өзбекстанда 100 мыңдық банкнот шығарылады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Орталық банкі номиналы 100 мың сум болатын банкноттар шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің мәліметінше, Олий Мәжілісі Сенаты 15 қаңтарда номиналы 100 мың сум банкноттарының үлгісі мен дизайнын мақұлдады. Алайда, оның түрі, сипаттамасы және шығарылатын күні әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Сонымен бірге, елдің бас қаржылық басқарушы органынан ірі номиналдағы бұл банкнотаның тұрғындар үшін қолма қол ақша төлеу қолайлылығын арттыру, қолма қол ақшаны сақтау және тасымалдаумен байланысты шығындарын қысқарту, сондай-ақ банкоматтардың тұрғындарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру, ұлттық валюта банкноттық қатарын оңтайландыру мақсатында енгізіліп отырғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде Өзбекстанда ең ірі қағаз ақша - 50 мың сом. Ол 2017 жылы айналымға шығарылған.

Автор: Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар