Өзбекстан үш жылға жарамды IT виза енгізуді жоспарлап отыр

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан 1 сәуірден бастап инвесторлар, IT компания құрылтайшылары, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның IT-паркіне сілтеме жасап.

IT виза Жеке тұлғаларға үш жылға дейін беріледі.

Аталған визаны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады, сонымен қатар Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алуға құқылы.

Одан бөлек, үй сатып алған жағдайда, олар Өзбекстанда тұруға ықтиярхат алады.

Виза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді.

IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады. Отбасы мүшелеріне қонақ визасы беріледі.


Соңғы жаңалықтар