Өзбекстан ұлттық инновациялық денсаулық сақтау палатасын құрмақ

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Өзбекстанда денсаулық сақтауды басқарудың инновациялық моделін енгізу шаралары туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

Өзбекстан президенті Денсаулық сақтау министрлігіе қарасты Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтауды ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының базасында ұлттық инновациялық денсаулық сақтау палатасын құруды тапсырды. Палатаның Қарақалпақстанда, облыстарда және Ташкент қаласында құрылымдық бөлімшелері болады.

Жаңа құрылымның алдына республика денсаулық сақтау жүйесін дамыту стратегиясын әзірлеу, елдегі дәрігерлер мен провизорларды тіркеу жүйесін енгізу, көпшіліктің қолы жететін бірыңғай электронды деректер базасын құру, медициналық және фармацевтикалық ұйымдарды жабдықтауға қаражат тарту сияқты міндеттер қойылып отыр.

Өзбекстан президенті 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін дәрігерлер мен провизорларды тіркеу жүйесін енгізіп, олардың жалпыға қолжетімді бірыңғай электронды деректер базасын іске қосуды тапсырды. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық палата тіркеуден өтпеген дәрігерлер мен провизорлардың қызмет жүргізуіне тыйым салады.

Соңғы жаңалықтар