Өзбекстан үкіметі COVID-19 вирусына қарсы вакцина алу мүмкіндіктерін қарастырады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бір апталық мерзімде COVID-19 вирусына қарсы вакцина сатып алу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елде коронавирус індетінің тарауына жол бермеу бойынша селекторлық отырыс барысында Өзбекстан президенті бірқатар елде коронавирусқа қарсы дәріні іздеу бойынша қарқынды зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Ресей, Қытай, Үндістан және Ұлыбританияда олардың өндірілетіні күтіліп отырғанын атап өтті.

Осыған баланысты, ӨР премьер-министрінің орынбасары Бехзод Мұсаевқа бір апталық мерзімде вакциналарды сатып алып, жетекші ғалымдар, тәжірибелі дәрігерлермен кеңесіп, Өзбекстан тұрғындарына екпе жасау мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылған.

Еске сала кетсек, бүгінде Өзбекстанда коронавирусқа шалдығудың 26 804 оқиғасы тіркелген, 17 838 адам жазылып шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 диагнозы қойылған 163 адам қайтыс болған.

Мирас Қуандықов
Соңғы жаңалықтар