Өзбекстан Түркияға көмекке 60 құтқарушы жібереді

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Түркияға елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға шұғыл көмек көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Түркияға жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек және табиғи апат салдарын жоюға қатысу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің бір топ құтқарушылары жөнелтіледі», - деді баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Өзбекстан ТЖМ хабарлағандай, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша гуманитарлық көмек көрсету және жер сілкінісі салдарын жою үшін ТЖМ-нің 60 құтқарушысы мен арнайы құтқару техникасы 3 бірлігі Түркияға жөнелтіліп жатыр.
Еске сала кетсек, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,4 күшті жер сілкінісі болды. Көптеген қираулар салдарынан адамдар үйінді астында қалды, құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.


Фото: aa.com.tr



Соңғы жаңалықтар