Өзбекстан Түркі кеңесінің құрамына кірмек

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің құрамына кіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркия президентімен келіссөздерден кейін БАҚ-қа берген брифинг барысында мәлім етті.

Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, ол Түркі кеңесінің жұмысына Өзбекстанның қатысуы мәселесін Түркия президентімен жеке талқылаған, сондай-ақ оған оң жауап алған.

«Біз Бішкекте өтетін Кеңестің келесі отырысына қатысамыз», - деді Өзбекстанның президенті.

Еске сала кетсек, Түркі ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы құрылған болатын. Оның құрамына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан мен Қырғыз Республикасы кіреді. 

Соңғы жаңалықтар