Өзбекстан шетелге баратын еңбек мигранттарына 100 автобус бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан шетелге баратын еңбек мигранттарына арнап 100 автобус сатып алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ӨР Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің басшысы Р. Ибрагимовтың айтуынша, соңғы жылдары билік тарапынан шетелдегі еңбек мигранттарының жағдайын жақсартуға күш салып келеді.

«Атап айтқанда, «Өзбекстан темір жолдары» АҚ және «Өзбекстан әуе жолдары» ҰАК уақытша жұмыс істеу мақсатымен шетелге шығатын өзбекстандықтарға билеттерді 20 пайыздық жеңілдікпен сатып жатыр», - дейді ол.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы автобуспен халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын арнаулы компания қызметін бастайды. Компания үшін 100 автобус сатып алынып, олар Өзбекстанның түрлі өңірлерінен шетелге қатынай бастайды.

Фото: migration.uz

Соңғы жаңалықтар