Өзбекстан Сенаты міндетті вакциналау туралы заң жобасын мақұлдады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі жұмыс істейтін тұрғындардың коронавирусқа қарсы міндеті вакциналануына құқықтық негіз беретін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін пленарлық отырыста депутаттар Өзбекстан Республикасының «Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамсыз етуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын мақұлдады.

Құжат президент қол қойған соң жұмыс істейтін тұрғындарды міндетті вакциналау ісіне заңды негіз қалайды. Осы құжаттың қабылдануына орай «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заң мен Еңбек кодексіне түзетулер енгізіледі.

Халық қалаулыларының пікірінше, заң күшіне енсе, қолданыстағы заңнамадағы қайшылықтар жойылып, тұрғындарды жаппай вакциналау жұмысын ұйымдастырудың заңды негіздерін нығаяды.

Айта кетейік, республикада эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты 17 шілде күні Коронавирус бойынша арнайы комиссия сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету, білім беру салаларында жұмыс істейтін 18 жастан асқан азаматтарды міндетті вакциналау жөнінде шешім қаблдады. Вакциналауға аталғандармен қатар әскерилер мен құқық қорғау органының өкілдері де жатады. Осы мақсатта азаматтардың аталған категориялары сауықтыру екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне енгізілді.

Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар