Өзбекстан Сенаты Қазандағы жағдайға байланысты «Қару туралы» заңды қарауды кейінге қалдырды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан Сенаты Татарстанның Қазан қаласында болған қайғылы жағдайға байланысты азаматтық қорғаныс мақсатындағы қарулардың айналымы проблемаларына кешенді талдау жасауды талап ететін «Қару туралы» заңды қарауды кейінге қалдырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Парламентінің Жоғарғы палатасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенат хабарламасында пленарлық отырыста сенаторлар жергілікті жерлерде жағдайды зерделеу барысында бірқатар жүйелі проблемалардың туындауына байланысты «Қару туралы заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заңын жетілдіру қажет деп шешті.

«Осы уақытқа дейін қару ұстауға рұқсат етілмейтін ауру түрлерінің тізімі бекітілмеген. Азаматтардың қару ұстауына шектеу қойылғанымен шектен тыс спиртті ішімдік ішіп, есірткі тұтынушылар да қару ұстауға рұқсат ала алады»,-деп мәлімдеді депутаттар.

Сонымен қатар қару иелерінің медициналық шектеулер бойынша, сондай-ақ қару иелерімен бірге тұрып жатқан адамдардың психикалық жағдайы, спиртті ішімдіктерді шектен тыс пайдалану мен есірткі тұтынатынына тұрақты тексеру тетігі жоқ.

«Бұл фактілердің барлығы қайғылы жағдайдың болуына ықпал етуі мүмкін. Бұған қару мен оның оқ-дәрілерімен байланысты әлемде болып жатқан оқиғаларды үлгі ретінде көрсетуге болады. Олардың арасында кеше ғана Ресей Федерациясына қарасты Қазан қаласында болған оқиға да үлгі»,-деді Сенат депутаттары.

Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша, Өзбекстан Сенаты аталмыш заң реттейтін қоғамдық қатынастардың мәні мен маңызына екпін түсіре отырып, анықталған проблемаларға кешенді талдау жүргізу «Қару туралы» заң мен өзге де заңнамаларды түбегейлі жетілдіру мақсатында заң жобасын әлі пысықтау қажет деген шешімге келді.


Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар