Өзбекстан президентінің сайлауында ТМД атынан байқаушылар миссиясының басшысы тағайындалды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ТМД елдерінің тұрақты өкілетті өкілдері Минск қаласында Достастықтың Атқарушы комитетінің отырысында Өзбекстан президентінің 2015 жылдың 29 наурызына белгіленген сайлауында Достастық атынан байқаушылар миссиясының басшысы ретінде ТМД-ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедевтің кандидатурасы келісілді.

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Лебедев сондай-ақ Өзбекстандағы өткен жылы болған парламенттік сайлауда ТМД атынан байқаушылар миссиясын басқарған.

Соңғы жаңалықтар