Өзбекстан Президентінің Фейсбуктегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары бейнеленген видео жарияланды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Фейсбуктегі ресми парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ташкентке мемлекеттік сапармен келу сәті таспаланған видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуірде мемлекеттік сапармен біздің елімізге келді» делінген хабарламада.

Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И.Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды.

Сапар барысында екі елдің Президенттері сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көліктік-транзиттік ынтымақтастықтың екіжақты өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күнтәртіптің басты тақырыптарын жан-жақты талқылады.

Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Соңғы жаңалықтар