Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 11 °С
Алматы: 25 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Өзбекстан президенті тосын сый жасады - Нұрсұлтан Назарбаев

2017 жылғы 16 қыркүйек 17:28 21637
Бөлісіңіз:
Өзбекстан президенті тосын сый жасады - Нұрсұлтан Назарбаев

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке жасаған мемлекеттік сапары аясында Өзбекстанның «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапатталуын тосын сый деп бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Ташкенттен.

«Мен өмірімде әлемнің көптеген мемлекеттерінен, өз елімнен көп марапат алған адаммын. Бірақ бұл марапат маған барлығынан да  аса құрметті, қымбат. Себебі көрші, бір туған елдің құрметіне бөлену  ол басқа. Білмейтін, алыстағы елдікі саяси. Сондықтан мен өте жоғары бағалаймын.   Ойламаған жерден тосын сый жасадыңыз. Өзбек халқы қуанса, Қазақстан халқы да қуанамыз. Өзбек халқында, Құдай  сақтасын, қиыншылық болса, біз әр уақытта біргеміз. Сіздердің қастарыңыздан табылатын боламыз. Солай болуымыз керек. Солай болсақ қана тәуелсіздігімізді сақтап, ел болып, аман қаламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев марапаттау рәсімінде.

Сонымен қатар Елбасы бүгінгі шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында көп мәселе шешілгендігін атап өтті.

«Алдымызға тағы да мақсаттар қойдық. Соның барлығына жетуге Алла жазсын. Өзбек халқына басымды иіп, рахметімді айтамын. Біздің сіздер дегенде көңіліміз ақ, жүрегіміз адал.  Солай бірге жұмыс істейміз», - деді Қазақстан Президенті.  

Айта кетейік, Өзбекстан президенті  Шавкат Мирзеев бауырлас екі елдің дәстүрлі достық пен стратегиялық серіктестігін тереңдеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапаттаған болатын.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат