Өзбекстан Президенті ОА елдерінің көшбасшыларын әуежайға өзі шығарып салды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте Консультативтік кеңестің екінші бағдарламасының шаралары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ӨР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Ислам Кәрімов атындағы әуежайға бірге келді. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев аймақтағы елдердің көшбасшыларын әуежайға өзі шығарып салды.

Еске сала кетсек, Елбасының қатысуымен Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуі өз жұмысын өткізген болатын.

Жиын барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшылары консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар