Өзбекстан Президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге бейілділігін білдірді

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевке сенім грамоталарын табыс етті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім етілгендей, сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін өткен қысқаша сұхбат барысында Ш. Мирзиеев қазақ-өзбек қатынастарының саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы жай-күйі мен даму перспективаларына оң баға беріп, екіжақты қатынастарды нығайтуға деген өзара қызығушылықты атап өтті.

Өзбекстан Президенті екі ел арасында пайдаланылмаған орасан зор әлеует бар екенін атап өтіп, Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар