USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Өзбекстан Президенті Цифрлық үкімет офисімен танысты

2021 жылғы 6 желтоқсан 23:53
Бөлісіңіз:
Өзбекстан Президенті Цифрлық үкімет офисімен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Цифрлық үкімет офисімен танысты. Қазақстан тарапынан премьер-министр Асқар Мамин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов болды, деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент шенеуніктерді жиындардың көбін онлайн форматта өткізуге шақырды Әуе қатынасы қалпына келтірілуде, бірнеше рейс орындалды

Бағдат Мусин Президент Шафкат Мирзиёев бастаған өзбекстандық делегацияға Цифрлық үкімет офисінің негізгі міндеттері мен жобалары жайлы айтты. Кеңсе қызметінің аясында бастапқы аналитика автоматтандырылып, болжамдар мен даму барысы жасалып, мониторинг жүргізіліп, мақсатты көрсеткіштерге жетуге тосқауыл болатын кедергілер анықталады және т.б.

Сондай-ақ Бағдат Мусин «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының негізгі бағыттарына тоқталды. Цифрлық мемлекеттік қызметтер мен бизнес-үдерістердің реинжинирингі туралы айтып, автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу бойынша жаңа сервисті мысалға келтірді. Сонымен қатар халықты вакциналау барысы мен қарқынына цифрлық мониторинг жасау жобасын таныстырды.
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов онлайн тәртіпте азық-түлік бағасына мониторинг пен болжам жасауға мүмкіндік беретін Ішкі және сыртқы сауда бойынша аналитикалық платформаны назарға ұсынды.
ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев контрагенттер арасындағы мәмілелерді онлайн тәртіпте қадағалауға жол ашқан «Электрондық шот-фактуралар» жүйесін таныстырды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT