Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Өзбекстан президенті Абайды насихаттау туралы қаулыға қол қойды

2018 жылғы 13 наурыз 21:37 364
Бөлісіңіз:
Өзбекстан президенті Абайды насихаттау туралы қаулыға қол қойды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Өзбекстан президентінің сайтына сілтеме жасап.

Құжатта ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының есімі мен мол шығармашылық мұрасы қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарының, оның ішінде өзбек халқының рухани даму тарихында өшпес із қалдырғаны айтылған. Абай Құнанбайұлының өмір жолы, оның қайталанбас шығармашылығы Отанға, ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтарына деген адалдықтың жарқын үлгісі болып қала береді.

«Екі халықтың достығы мен бауырластығының нығаюына елеулі үлес қосқанын ескере отырып және Өзбекстан қоғамының қазақ әдебиеті мен өнерін тереңірек тануы үшін мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мақсатында Өзбекстанда Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеу мен насихаттау туралы ұсыныс мақұлдансын», - делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеу мен насихаттау бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, ұйымдастыру комитетіне бір айлық мерзімде шаралар тізімінің жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Сонымен бірге, құжатта Абайдың "Таңдамалы" шығармалар жинағын және «Өзбек-қазақ әдеби байланыстары» әдеби-сараптамалық мақалалар жинағын әзірлеп, баспаға беру ұсынылған.

Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетіндегі «Абай және өзбек әдебиеті» көрмесін тұрақты түрде ұйымдастыру және жыл сайын 10 тамызда - Абайдың туған күнінде Ташкенттегі ақын ескерткіші жанында салтанатты шаралар өткізу, оқушылар мен студенттер арасында «Абай шығармаларының білгірі» шығармалар байқауын ұйымдастыру ұсынылып отыр.

Одан бөлек, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен теле, радиоматериалдар әзірлеу, оқу орындарындағы мектептерде, әскери бөлімдер мен ұжымдарда тақырыптық кештер өткізу қарастырылған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT