Өзбекстан Президенті 261 тұтқынға рақымшылық жасады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекет тәуелсіздігінің 27-жылдығына орай 261 тұтқынға рақымшылық жасады. Бұл туралы uza.uz агенттігі хабарлады.

Президент жарлығына сәйкес жазаны орындау мекемелерінен 215 адам босатылады,  сондай-ақ 46 адамның  тұтқындалу мерзімі қысқартылатын болады.

Тиісті министрліктер мен ведомстволарға рақымшылық жасалған тұлғалардың әлеуметтік жағынан бейімделуіне, олардың пайдалы еңбекке тартылуына, қоғамнан лайықты орындарын табуына көмек көрсету тапсырылды.

 

Соңғы жаңалықтар