Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+17+19℃
  Jańalyqtar  >

Өзбекстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

2023 жылғы 19 наурыз, 11:36

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан билігі қаңтар айында енгізілген пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 наурыздан бастап пияз экспортына қойылған уақытша шектеу үкіметтің шешімімен алынып тасталды. Мұндай шешім ішкі нарықтағы пияз бағасының тұрақтауына байланысты қабылданды.

Бұған дейін хабарланғанда, Өзбекстанда бағаның күрт көтерілуінен кейін 1 қаңтардан бастап төрт айға пияз экспортына тыйым салынды.

Оған отын-энергетика кешенінде, логистика және өнімді тасымалдау жүйесінде үзілістерге әкелген қалыптан тыс суық себеп болды. Ол кезде пияздың табиғи шығыны 228 мың тоннаны құрады.


Автор:

Смағұлова Еркежан

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар