Өзбекстан Парламенті елдің ЕАЭО-қа қатысу мәртебесін мақұлдады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Парламенті елдің ЕАЭО-қа бақылаушы ел ретіндегі мәртебесін мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстан Мәжілісінің Олий заң шығарушы палатасы сейсенбі күнгі отырысында Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы-мемлекет ретінде кіру туралы үкімет ұсынысын мақұлдады.

Дауыс беруге 150 депутаттың 132-сі қатысты. 86 депутат ұсынысты қолдаса, 32-сі қарсы шықты, сонымен қатар 14 депутат қалыс қалды.


Соңғы жаңалықтар