Өзбекстан мен Куба ЕАЭО жанындағы бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бір ауыздан берген дауысы бойынша Өзбекстан мен Куба ЕАЭО жанындағы бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысының соңында кеңес төрағасы, Беларусь президенті Александр Лукашенко Өзбекстан мен Кубаны ЕАЭО жанындағы бақылаушы-мемлекет құрамына кіргізу туралы сұрақты күн тәртібіне қойды. Экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ешқайсысы бұл шешімге қарсылық білдірген жоқ.

«Сіздердің аттарыңыздан, ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшыларының атынан Куба Республикасы мен Өзбекстан Республикасының президенттерін құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осынау мәртебе біздің экономикалық одақпен ынтымақтастықты нығайтуға жол ашып, сауда-экономикалық қарым-қатынасты бекемдете түсуге мүмкіндік берер деген сенімдеміз», - деді Александр Лукашенко.


Соңғы жаңалықтар