Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында 4.9 балдық жер сілкінісі тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 5 қараша күні таңғы сағат 6-да тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 683 шақырым жерде, Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.3. MPV тербелісі – 4,9. Тереңдігі – 15 км.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар