Өзбекстан мемлекеттік шекарадан өтетін көлік пен тауарға бақылауды күшейтеді

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан мемлекеттік шекарадан өту кезінде көлік пен тауарларды бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі norma.uz ақпараттық-құқықтық порталына сілтеме жасап.

Тиісті өзгерістер «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, фитосанитариялық бақылауды және ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру тәртібін одан әрі жетілдіру туралы» Үкіметтің қаулысына енгізілді.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған тауарларды немесе көлік құралдарында жасырынған адамдарды анықтау мақсатында шекара әскерлері жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіретін «шекаралық тексеру» термині енгізілді.

Сондай-ақ, бұдан былай мемлекеттік шекарадан өту кезінде көлік құралдары мен жүктерді тексеру кеден органдары мен шекара қызметінің бірлескен бұйрықтарымен жүзеге асырылатын болады.



Мәдибек Жәнібеков



Фото: norma.uz





Соңғы жаңалықтар