Өзбекстан Лондондағы Әзербайжан Елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА- ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Әзербайжан Республикасының Елшілігіне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

«Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 4 тамызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Әзербайжан Республикасының Елшілігіне жасалған зұлымдық шабуылды қатаң айыптайды.

Дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекеттті ақтауға келмейді деп есептейміз.

Болған оқиғаны жан-жақты тергеуге және оған қатысы барларды жауапкершілікке тартуға шақырамыз.

Өзбекстан тарапы бауырлас Әзербайжанға шетелдегі азаматтарының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуде қолдау көрсететінін білдіреді», делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Лондондағы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне шабуылына байланысты мәлімдеме жасап, зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды деген болатын.

4 тамызда Әзербайжан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі елшілік ғимаратын радикалды діни топ басып алды. Оқиға кезінде елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.


Фото: uza.uz


Соңғы жаңалықтар