ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өзбекстан әлемнің 8 елінен құны 26,8 миллион АҚШ долларын құрайтын 786 электромобиль импорттаған. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан статистика агенттігінің мәліметі бойынша, электромобиль импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 562-ге артқан.
Өзбекстан 2 айда мына елдерден электромобиль импорттады:
— Қытай – 705
– Гонконг – 56
– Германия – 15
– БАӘ – 5
- Корея - 2