Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

None
Фото: instagram.com/boxinguzbekistan_official
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті Руслан Абдуллаев финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Руслан Абдуллаев 63,5 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Армения өкілі Оганес Бачковпен рингке шықты.

Жекпе-жек өзбекстандық қандасымыздың айқын басымдығымен өтіп, ол екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Руслан Абдуллаев финалда моңғолиялық Чинзориг Баатарсухпен алтынға таласады.

Моңғолиялық боксшы жартылай финалда тәжікстандық Баходур Усмоновты жеңді - 4:1.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бес боксшының әлем чемпионатының финалына шығу үшін сынға түсетінін жазған болатынбыз.

Қазақстан құрамасынан бірінші болып Санжар Тәшкенбай финалға өтті.

Сонымен бірге Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов, Нұрбек Оралбай және ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов те - финалда.

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан мен қазақстандық Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының финалында алтынға таласады.


Соңғы жаңалықтар