+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Өзбекстан Қазақстанның 10 ЖОО-ның дипломын нострификациясыз мойындайды

2021 жылғы 27 наурыз 19:35
Бөлісіңіз:
Өзбекстан Қазақстанның 10 ЖОО-ның дипломын нострификациясыз мойындайды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Халықаралық рейтингіге кірген 1000 үздік жоғары оқу орындарының арасындағы Қазақстанның 10 жоғары оқу орнының дипломы Өзбекстанда емтихансыз нострификацияланады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжанда жалған вакцинация паспортын жасатқандар 5 жылға дейін түрмеге қамалады Коронавирус: Дания барлық шектеулерді алып тастады Ташкентте Қазақстан және Өзбекстан Сенаттары арасында келіссөздер өтті

Өзбекстандағы мемлекеттік білім сапасын қадағалау инспекциясы дипломдары мойындалатын және арнайы сынақсыз нострификацияланатын шетелдік білім беру мекемелерінің тізімін жариялады.

Жаңа құжатта Times Higher Education, The Academic Ranking of World Universities, Quacquarelli Symonds World University Rankings, және Times Higher Education сияқты әлемдік рейтингілер тарапынан мойындалған алғашқы 1 мың халықаралық білім беру мекемесінің тізіміне енетін жоғары оқу орындары жарияланған.

Аталған рейингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ-Британ техникалық университеті, КИМЭП, ҚарМТУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті сияқты білім ошақтары бар.

Мәдибек Жәнібеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT