Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Өзбекстан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуды қолдайды - сарапшы

2019 жылғы 19 сәуір 12:13 466
Бөлісіңіз:
Өзбекстан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуды қолдайды - сарапшы

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуды қолдайды. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісіне Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Комилжон Каланов айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан-Түркия тауар айналымын $10 млрд жеткізуге болады - Мевлют Чавушоғлу Бейбіт Атамқұлов: Қазақстан - Түркия тауар айналымы 50 пайызға өсті

«Біз, Өзбекстан тұрғындары, өзара сенім мен көршілік байланыстарға негізделген Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуды қолдаймыз. Біздің халықтар ежелден жақын көрші және бауырлас ел болып өмір сүріп, бір-бірін қолдап келеді. Сондықтан, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достықты нығайту бір мақсатқа  - екі елдің гүлденуіне бағытталған», - деп атап өтті Комилжон Каланов.

Оның айтуынша, стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан.

«Өзбекстан мен Қазақстан тұрғындарын соңғы жылдары екі ел арасында орнаған саяси, экономикалық, гуманитарлық байланыстардың жаңа деңгейге жоғарылағаны  қуантады. Сондай-ақ, шекара ынтымақтастығы нығайып, сауда айналымы өсіп жатыр. Екі ел біздің ортақ мақсатымызды - сауда айналымын 5 млрд долларға дейін арттыруды орындап жатыр», - деп атап өтті ол.

«Гуманитарлық ынтымақтастық туралы айтар болсақ, Ташкент қаласында көптеген қазақ интеллигенциясы өкілдері өмірге келіп, білім алғанын атап өтер едім. Біздің елімізде көптеген этникалық қазақтар еңбек етіп жүр. Өзбекстан қазақ мәдениетіне үлкен қолдау көрсетіп жатыр», - деді Комилжон Каланов.

Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапарлап, Өзбекстандағы Қазақстан жылын ашуы - тығыз қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Автор: Мирас Қуандықов 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT