Өзбекстан Қазақстан спутниктерінің қызметін тұтынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ делегациясы Өзбекстанға сапармен барып, көрші елмен ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойып қайтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің деректерін Өзбекстан Республикасының мүдделері үшін пайдалану саласындағы өзара ынтымақтастық, Өзбекстан Республикасының спутниктік геодезия жүйесі желісін құру, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін геопорталдар әзірлеу туралы меморандумға «ҚҒС» ҰК» АҚ вице-президенті Айдын Айымбетов және Өзбекстан Республикасының жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілі қол қойды.

«Кездесуде Өзбекстан Республикасының аумақтарын ғарыштан мониторингиілеуді «KAZAKH EXPORT» АҚ арқылы қаржыландыру мәселелерін, сондай-ақ Өзбекстан Республикасында жерүсті қабылдау стансасын құру мүмкіндіктері және жалпы Жол картасы жобасын талқыладық», - дейді А. Айымбетов.

Оның айтуынша, Өзбекстан тарапына Қазақстанның KazSeoSat - MR ғарыштық аппаратын құруға қатысу ұсынылды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, атап айтқанда, Жерді қашықтықтан зондтау және аэроғарыштық ынтымақтастықты дамыту бойынша тұрақты байланысты нығайту келісілді. null

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2015 жылдан бері Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі табысты қызмет жүргізіп келеді. Ол кеңістікті бейнелеуі жоғары (1 метр) және орта (6,5 метр) спутниктерден, сондай-ақ Астанадағы басқару және деректерді өңдеу кешенінен тұрады.

Осыған дейін Қазақстандағы қылмыспен күреске спутниктер жұмылдырылатыны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар