Өзбекстан іздеу жариялаған күдікті 9 жылдан соң Алматы облысынан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы халықаралық іздеу жариялаған күдікті 9 жылдан кейін табылды. Алматы облысының тұрғынын көрші елдің полицейлері іздеп жатқанын тәртіп сақшылары тексеру барысында анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылындағы тұрғынның құжаттары тексеріліп, жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілген. 

«Тексеру барысында анықталғандай, 48 жастағы азаматқа 2009 жылы Өзбекстанның Төрткөл қаласының тәртіп сақшылары халықаралық іздеу жариялаған. Олардың бағыт-бағдары бойынша, ер азамат ұрлық немесе бөтеннің мүлкіне қол салу қылмысы бойынша күдікке ілінген. Қазір ұсталған азамат жөнінде барлық ақпарат іздеу жариялаған орынға жіберілді», - деп толықтырды аталған ведомствадан. 

Сондай-ақ, қазір Алматы облысының полицейлері осы фактіге байланысты Өзбекстаннан толыққанды мәлімет күтіп отыр.

Соңғы жаңалықтар