USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Өзбекстан халқы ел Конституциясын білуден жалпыұлттық емтихан тапсырады

2021 жылғы 16 қараша 17:19
Бөлісіңіз:
Өзбекстан халқы ел Конституциясын білуден жалпыұлттық емтихан тапсырады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 2021 жылдың желтоқсан айында Өзбекстанда жалпыұлттық конституциялық емтихан өтеді. ҚазАқпарат бұл туралы uza-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Психикасы зақымдалған адамдар арасында коронавирустан өлім 5 есе жоғары - мамандар Израиль 18 жастан асқан қауіп тобындағы адамдарға вакцинаның 4-дозасын мақұлдады Украиналық сарбаз қарудан оқ жаудырып, 5 адамды өлтірді, 5-еуі жарақаттанды

Елдің Әділет министрлігінің мәліметіне қарағанда, министрлік Конституциялық сотпен бірлесіп, азаматтардың Конституцияны білу деңгейін тексеру үшін жалпыұлттық конституциялық емтихан өткізбек.

Емтиханға 15 жастан асқан барлық азамат қатыса алады және ол ерікті түрде, тегін сонымен қатар барлығына ашық болмақ.

Жоспарға сай емтихан екі кезеңмен ұйымдастырылады. Бірінші кезең 1 желтоқсан күні Ташкент уақытымен сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін онлайн режимде өтеді. Осы аралықта қатысушыларға 20 тест сұрағы және 1 шығармашылық сұрақ беріледі. Екінші кезең Конституция күні қарсаңында өтіп, онлайн трансляцияланады. Әр қатысушыға 10 сұрақ қойылады. Соңында ең жоғары нәтиже көрсеткен 3 қатысушы жеңімпаз атанады.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады:

І орын – 15 миллион сум (602 409 теңге);

ІІ орын – 10 миллион сум (401 606 теңге);

ІІІ орын – 5 миллион сум (200 803 теңге).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT