Өзбекстан ғалымдары коронавируспен күреске арналған құрылғыны таныстырды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан ғалымдары ауаны зарарсыздандыру арқылы COVID-19-бен күресетін құрылғыны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ӨР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгін сала мамандары COVID-19 вирусының барлық штамдарымен күресе алатын BioGenetic атты жаңа құрылғыны ұсынды.

«2020 жылдың сәуірінде BioGenetic COVID-19 орталықтарында және вирусологиялық зертханаларда тестілеуден сәтті өтті. Сынақ нәтижесі бойынша, COVID-19 құрылғының ықпалымен қабыршықтарды электрондар арқылы алады, содан соң РНК жойылады»,-делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, құрылғы адамның тыныс алу жолдарын вирустан қашықтан тазалап, сондай-ақ вирустар мен бактерияларды ауада жояды. Құрылғы арқылы 100 шаршы метр алаңды вирустан тазалау үшін 15 минут жеткілікті. Яғни құрылғы инфекцияның ауа арқылы тарауына мүмкіндік бермейді.

«Қазіргі таңда мұндай технология бойынша Жапония, Ресей, АҚШ пен Еуропаның көптеген елдерінің сарапшылары жұмыс істеп жатыр. Осы тектес технологиялар Жапония мен Ресейде жолға қойылған. Біздің мамандар бұл технологияны медицина мекемлері мен адамдар көп жиналатын өзге де ғимараттарда пайдаланғуа кеңес береді. Құрылғы заманға сай технологиялар негізінде жұмыс істейді және денсаулыққа қауіпсіз»,-деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.


Мәдибек Жәнібеков

Соңғы жаңалықтар